Жамбыл облысы Қордай ауданында қарлы боран кезінде қар құрсауында қалып қойған 18 адам құтқарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
18 ақпанда түнде сағат 01.30-дан 03.40-қа дейін Қордай ауданында республикалық маңызы бар автомобиль жолының жабық учаскесінде ТЖД, 28123 әскери бөлімі және "ҚазАвтоЖол" АҚ қызметкерлерінің күштерімен қар құрсауында қалған 5 жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылған. Онда 18 адам құтқарылып, Кенен ауылының жылыту пунктіне жеткізілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала