жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

9-сынып оқушылары қорытынды аттестацияны қалай тапсырады

9-сынып оқушылары қорытынды аттестацияны қалай тапсырады
ашық дереккөзі
9-сынып оқушылары қорытынды аттестацияны қалай тапсырады
Биыл жоғары сынып оқушылары үшін қорытынды емтихан болады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингіде айтылды. «Жоғары сынып оқушылары қорытынды емтихан тапсыруға дайындалып жатыр. Бұл – өте маңызды, себебі бұл емтихан арқылы олар орта мектепті бітіргені туралы құжат алады. Қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы дайындалып жатыр. Биыл қорытынды емтихан болады. 9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсырады, олар: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан. Сондай-ақ, өзге тілде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныпта орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. Ол 11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсыратынын айтты. «Оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан, Қазақстан тарихынан тестілеу және өзге тілде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу», - дейді ол.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар