Жаңалықтар
Сыныпта оқушыларға маска тақпай отыруға рұқсат етіледі
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2021
- 677
Сыныпта оқушыларға маска тақпай отыруға рұқсат етіледі
Оқушыларды 40 минут бойы маска тағып отыруға мәжбүрлеу – қиын. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингіде айтылды.
«Еліміздің бас санитар дәрігерінің 25 наурызда қабылдаған қаулысы «жасыл» және «сары» аймақтағы мектептерге ғана қатысты. Осыған байланысты «Сыныпта маска тақпай отыруға болады» деген шешімнің «қызыл» аймақта орналасқан мектептерге қатысы жоқ», - дейді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тамақтану, білім және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанова.
Оның айтуынша, оқушыларды 40 минут бойы маска тағып отыруға мәжбүрлеу – қиын.
«Тамақтанатын жерде маска шешіп отыруға болатыны сияқты, сабақ оқып отырған кезде де маска шешіп отыруға болады. Біріншіден, әр сабақ әрі кетсе 40 минутқа созылады және әр пәннен кейін үзіліс болып отырады», - дейді ол.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






