дүйсенбі, 25 қараша, 2024 7:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақмола облысында қызын құтқармақ болған келіншек суға батып кетті

Ақмола облысында қызын құтқармақ болған келіншек суға батып кетті
ашық дереккөзі
Ақмола облысында қызын құтқармақ болған келіншек суға батып кетті
Целиноград ауданы Отаутүскен ауылының 43 жастағы тұрғыны қызын құтқармақшы болған кезде өзі суға батып кетті. Құтқарушылар 43 жастағы әйелдің денесін бес сағат бойы іздеді. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға маусымның 8-інде сағат 13:00-де Целиноград ауданы Отаутүскен ауылының маңында Нұра өзенінде балық аулау кезінде орын алған. "Өзен жағасында жүргенде қызы анасынан рұқсат сұрап, суға шомылмақшы болады. Алайда, судың ағысы қызды алып кетеді. Мұны көрген анасы қызын құтқаруға ұмтылған, бірақ қатты ағын салдарынан 43 жастағы әйелдің өзі суға батып кетті", - деді ведомстводан. Ал, жағадағы өсімдіктің бұтағына жармасқан он жасар қыз жанұшырып көмек сұраған. Оны естіген Отаутүскен ауылының 65 жастағы тұрғыны Павел Федоренко қызды құтқарып қалды. "Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмыс істеді, олар кешкі сағат 19:30 шамасында әйелдің денесін тапты", - деп толықтырды ведомстводан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар