Жаңалықтар
Air Astana ұшақтары Алматы әуежайына қона алмай басқа қалаға кетіп қалды
- авторjambylinfo.kz
- 9 маусым, 2021
- 442

Air Astana ұшақтары Алматы әуежайына қона алмай басқа қалаға кетіп қалды
Қазақстанның "Air Astana" мен "FlyArystan" компанияларының үш ұшағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматыға қона алмады.
Оқиға сәрсенбі, 9 маусым күні болған. "Air Astana" мен "FlyArystan" компанияларының үш ұшағы Алматыдағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты басқа аэродромдарға қонуға мәжбүр болған.
Әуе компаниясының хабарлауынша, Алматыдағы желдің қайшылығы ұшақтың жерге қонуына кедергі келтірген.
Нәтижесінде "Air Astana" KS 952 Нұр-Сұлтан – Алматы рейсі Шымкентке, FlyArystan KS 7134 Павлодар – Алматы рейсі Нұр-Сұлтанға, FlyArystan KS 7152 Семей – Алматы рейсі Бішкекке қонды.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, үш рейс те Алматыға жетті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шымкент – Бангкок: SCAT әуекомпаниясы жаңа бағытта рейс ашады
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 тамыз, 2025