сенбі, 10 мамыр, 2025 4:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ сыртқы саясатын өзгертуде: Рубио бюрократияны қысқартуға кірісті

АҚШ сыртқы саясатын өзгертуде: Рубио бюрократияны қысқартуға кірісті
Pixabay.com
Бұл туралы "BBC Russian" мәлімдеді

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Мемлекеттік департаментке ауқымды реформа жүргізілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, көптеген шетелдік бағдарламалар тоқтатылып, қызметкерлердің елеулі бөлігі жұмыстан босатылады. 

Рубио Мемлекеттік департаментті "көлемі шамадан тыс, бюрократияға батып кеткен", сондай-ақ "радикалды саяси идеологияға берілген мекеме" деп сипаттап, Америка ұлттық мүддесіне сай келмейтін барлық қызмет қысқартуға түсетінін айтты.

Атап айтқанда, адам құқықтарының бұзылуын, әскери қылмыстар мен геноцидті бақылап отыратын бөлім таратылмақ. Рубио бұл құрылымды "консервативті көшбасшыларға қарсы солшыл белсенділердің қаруына айналған алаң" деп атады.

Құрылымдық өзгерістер аясында азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасар хатшыға бағынышты тұтас бөлім жойылады. Оның құрамындағы демократия мен адам құқықтары жөніндегі бюро және босқындар істері жөніндегі бюро біріктіріліп, сыртқы және гуманитарлық көмек жөніндегі жаңа басқарма құрылады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік департаменттің орталық аппаратындағы қызметкерлер саны 18 пайызға қысқарады – 734-тен 602-ге дейін. Рубио қазіргі таңда АҚШ-та жұмыс істейтін қызметкерлердің санын 15 пайызға қысқарту жоспарын әзірлеуді тапсырған. Шетелдік өкілдіктердегі қысқартулар туралы әзірге мәлімет жоқ.

2025 жылдың наурызында Марко Рубио АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) жүргізетін бағдарламалардың 83 пайызын жабатынын жариялаған болатын.

 

 

Бөлісу:
Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар