Ақтөбеде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығының басшысы сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 сәуір, 2025
- 155

Ақтөбе қаласының № 2 соты «Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» КММ директоры А. Тілмағамбетовке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сот мәліметтеріне сәйкес, Тілмағамбетов жеке кәсіпкер А. Кусумовпен келісім жасай отырып, жалған мемлекеттік сатып алу шартын жасап, орындалмаған жұмыстар үшін 35 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын заңсыз иемденген.
Сонымен қатар, ол мердігер ұйымдармен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу арқылы 237 млн теңге бюджет қаражатын жұмсаған. Бұл жұмыстар заңнама талаптарын бұза отырып, бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған.
Бұл ретте, заңнама талаптарын бұза отырып, жұмыстарды сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған.
Сот шешімімен Тілмағамбетовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет ету құқығынан айырылды.
Сол үкіммен оның сыбайласы Кусумов коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген Антикор хабарламасында.