дүйсенбі, 12 мамыр, 2025 20:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігі заңсыз жүрген азаматтарды елге өз еркімен оралуға шақырды

АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігі заңсыз жүрген азаматтарды елге өз еркімен оралуға шақырды
Global Look Press/Keystone Press Agency/Lev Radin
АҚШ билігі сот шешімімен депортацияға жататын, бірақ елден шықпай жүрген шетел азаматтарына CBP Home мобильді қосымшасы арқылы қауіпсіз әрі ерікті түрде елге қайтуға мүмкіндік ұсынып отыр.

Бұл тәсіл арқылы азаматтар өздеріне қолайлы рейсті таңдай алады, сондай-ақ АҚШ-та тапқан қаражаттарын сақтап қалуға құқылы, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ерікті түрде оралған азаматтар күшпен шығарылмайды және болашақта АҚШ-қа заңды түрде қайта кіру құқығын сақтап қалады. Егер билет сатып алуға мүмкіндігі болмаса, қаржылай көмек қарастырылған.

Алайда ерікті түрде елге оралудан бас тартқан жағдайда, АҚШ билігі бірқатар қатаң шараларды қолданатын болады. Атап айтқанда, азаматтар еш ескертусіз мәжбүрлі түрде елден шығарылуы мүмкін. Сонымен қатар күн сайын 998 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады. Бұл айыппұл сот шешімі шыққан күннен бастап есептеліп, жалпы сомасы 1 миллион долларға дейін жетуі мүмкін. Егер азамат CBP Home қосымшасы арқылы елден шығатынын растамаса, оған қосымша 1000–5000 АҚШ доллары аралығында айыппұл салынады. Сонымен бірге, мұндай азаматтар болашақта АҚШ-қа заңды түрде қайта кіру құқығынан айырылады.

Осыған байланысты Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі шетелде заңсыз жүрген азаматтарды мүмкіндікті пайдаланып, елге өз еркімен оралуға шақырады. Бұл – жағымсыз салдардың алдын алудың ең дұрыс жолы.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар