жұма, 9 мамыр, 2025 10:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Маңғыстау өңірінің тәртіп сақшыларын марапаттады

Мемлекет басшысы Маңғыстау өңірінің тәртіп сақшыларын марапаттады
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары кезінде аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысы олардың ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

– Әділетті Қазақстанды құру және «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда терең орнықтыру үшін табанды еңбек етіп жүрсіздер. Қауіп-қатерге қарамастан, барлық жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатырсыздар. Адал қызметтеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бүгін мен аймақта қауіпсіздікті сақтау үшін мінсіз қызмет етіп жүрген бірқатар күштік құрылым өкілдерін мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Жалпы, мен Мемлекет басшысы ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әрдайым қолдаймын, еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Алдағы уақытта да мемлекеттің тірегі, халықтың қорғаны болып, адал қызмет етесіздер деп сенемін, – деді Президент. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін офицерлер мен сержанттарға II дәрежелі «Айбын» ордені, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары тапсырылды.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар