сенбі, 10 мамыр, 2025 4:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

18 сәуір күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қабылдауда 11 тұрғын жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мәдениет салаларына қатысты өз өтініш-тілектерін жеткізді.

Ербол Қарашөкеев әрбір мәселе жеке бақылауында болатынын атап өтіп, тұрғындар көтерген түйткілдердің назардан тыс қалмайтынын айтты. Өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, басқарма және департамент басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде жүргізіледі. Жазылу үшін тұрғындар «E-Otinish» ақпараттық жүйесін немесе Тараз қаласы, Абай даңғылы, 127 мекенжайындағы «Азаматтарды қабылдау» орталығын пайдалана алады.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар