бейсенбі, 30 қаңтар, 2025 19:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ақша құнсызданып барады»: мұғалімдердің жалақысы өсе ме?

«Ақша құнсызданып барады»: мұғалімдердің жалақысы өсе ме?
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы педагогтардың жалақы мәселесін көтерді

Ерұлан Мағзымбеков облыстық білім саласы кәсіподағының IV Пленумында еңбек кодексіне жалақы мөлшерін жыл сайынғы инфляция мөлшеріне индексациялау нормасын қайтару мәселесін сөз етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

«Бүгінгі таңда Еңбек кодексіне жалақы мөлшерін жыл сайынғы инфляция деңгейіне сәйкестендіріп индексациялау туралы норманы қайтару мәселесі өткір тұр. Яғни индексациялау дегеніміз - ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісі. Бұл норма еңбеккерлердің жалақысын инфляция деңгейіне қарай реттеуге мүмкіндік беріп, олардың өмір сүру деңгейін қолдау үшін маңызды қадам болар еді. Сонымен қатар, 2015 жылдан бері өзгермеген 17 697 теңге көлеміндегі ІЛЖ (БДО) мөлшерін ұлғайту қажет. Бұл көрсеткіш жалақының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, және оның өзгермеуі еңбеккерлердің табыстарының инфляцияға байланысты төмендеуіне алып келіп отыр. Кәсіподақ ұйымы осы мәселелерді шешу үшін өз күш-жігерін жұмылдырып, заңдық тұрғыда қажетті өзгерістер енгізу мақсатында жұмыс істейді»,-деді төраға.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар