бейсенбі, 30 қаңтар, 2025 19:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында ауыл шаруашылық саласында оң динамика байқалады

Жамбыл облысында ауыл шаруашылық саласында оң динамика байқалады
коллаж:Jambylinfo.kz
Асыраушы салаға өткен жылы 25 млрд. теңге инвестиция тартылды

Өткен жылы облыс ауыл шаруашылығына 38,0 млрд. теңге бөлініп, 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 1094 агроқұрылымға 16,1 млрд. теңге несие берілді. Осы қолдаудың арқасында салада 488,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 25 млрд. теңге инвестиция тартылды.

2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 626,7 мың гектарға отырғызылды, оның ішінде 352,9 мың гектар масақты дәнді дақылдардан 586,4 мың тонна астық бастырылды. Өнімділік 10 ц/га-дан 16,6 ц/га дейін артты. Сондай-ақ, картоп, майлы дақылдар, көкөніс және бақша дақылдарынан 2,2 млн. тонна өнім алынды.

Қант қызылшасы дақылынан 645 мың тоннадан астам өнім алынды, өнімділік 2 есеге өсті. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы нәтижесінде 464 жаңа техника сатып алынып, 8,2%-дық жаңару көрсеткішіне қол жеткізілді.

Аймақта мал шаруашылығы да дамып келеді. 2024 жылы 226,2 мың тонна сүт және 129,9 мың тонна ет өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда өсім көрсетілді. Облыс бойынша жалпы мал басы 3,6 млн. басты құрап, оның ішінде мүйізді ірі қара – 429,4 мың бас, қой – 3,0 млн. бас, жылқы – 173,9 мың бас болды. Сонымен қатар, 359 қожалық ұсақ мал өсірумен айналысып, 59 шаруашылық мүйізді ірі қара малын өсіруде.

Құс шаруашылығы да жақсы дамып, облыстағы құс саны 1,9 млн. басты құрап, 20,7 мың тонна құс еті өндірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенде қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін жеткізу мақсатында облыста қайта өңдеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта облыста етті қайта өңдеумен айналысатын 42 кәсіпорын жұмыс істейді. 2024 жылы өндірілген еттің 13,4 мың тоннасы ішкі тұтынымға пайдаланылады, ал 7,0 мың тоннасы қайта өңделген.

Ауыл шаруашылығында сақтаудың да маңызды мәселелері шешілуде. Облыста сыйымдылығы 300 мың тоннаны құрайтын 113 сақтау қоймасы бар, оның ішінде жаңа 15,6 мың тонна сыйымдылығындағы жеміс-көкөніс сақтау қоймалары іске қосылды.

Алдағы уақытта облыс бойынша суармалы алқаптарды кеңейту, заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, асыл тұқымды мал санын арттыру мен ақылды фермаларды дамыту жұмыстары жалғасын табады.

 

Бақытжан Бекболат 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар