сенбі, 17 мамыр, 2025 23:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбе облысында заңсыз иемделген активтер есебінен медициналық нысандар салынады

Ақтөбе облысында заңсыз иемделген активтер есебінен медициналық нысандар салынады
Pixabay.com
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар медициналық нысандардың құрылысы басталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару арқылы құрылған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр.

Жалпы құны шамамен 1,4 млрд теңгені құрайтын бұл жоба аясында облыс аумағында 11 медициналық нысанның құрылысы қолға алынуда. Оның ішінде фельдшерлік-акушерлік пункттер, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар бар.

2025 жылы Ақтөбе облысында бірқатар жаңа медициналық нысандар салынады. Атап айтқанда, фельдшерлік-акушерлік пункттер Ырғыз ауданының Нұра ауылында және Байғанин ауданының Ноғайты ауылында бой көтереді.

Сонымен қатар, медициналық пункттер Шалқар ауданының Шоқысу, Сарысай және Тоғыз ауылдарында, Мұғалжар ауданының Жарық ауылында, Қобда ауданының Бегалы ауылында және Ырғыз ауданының Жарма ауылында салынатын болады.

Дәрігерлік амбулаториялар Мұғалжар ауданының Қайыңды және Мұғалжар ауылдарында, сондай-ақ Алға ауданының Маржанбұлақ ауылында ашылады.

Аталған нысандар тәулігіне 25-тен 45 адамға дейін қызмет көрсетуге есептелген. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттырып, сапалы медициналық қызметпен қамтуды қамтамасыз етеді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар