Елімізде
Air Arabia Abu Dhabi Алматыға тікелей рейстерін іске қосады
- авторБақытжан Бекболат
- 25 сәуір, 2025
- 289

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді
БАӘ-ден келген Air Arabia Abu Dhabi әуе компаниясы Қазақстан нарығына шығып жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылғы 1 маусымнан бастап компания аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Абу-Дабиден Алматыға тікелей рейстер орындайды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бұл бастама екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосады деп санайды.
«Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы әуе қатынасының ашылуы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды дамытуға серпін береді», – делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің жаңа тәртібі енгізіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 17 мамыр, 2025