Жаңалықтар
Ақтөбеде ірі өрт болып, бірнеше жүк көлігі қызыл жалынға оранды
- авторАрайлы Жақсылық
- 27 шілде, 2025
- 695
Ақтөбе қаласында бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағында жүк көліктері мен автокөлік дөңгелектері өртенді.
Бұл оқиға Курсант шоссеcі бойында орын алған, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 70 шаршы метр аумақтағы жалынды сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – делінген министрлік таратқан мәліметте.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында құтқарушылар тұрғын үйдегі өрт кезінде газ баллондардың жарылуына жол бермей, үлкен апаттың алдын алған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





