жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты

Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты
Olympic.kz
Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында жүзу сайыстары басталды.

27 шілдеде үш қазақстандық спортшы жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартып, қашықтықты 23.33 секундта жүзіп өтті. Ол 18-орын иеленді. Алайда келесі кезеңге 16 үздік спортшы ғана өтті.

Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 42-орын алды. Ал Арсен Қожахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 45-орынмен жарысты аяқтады.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар