Қаңтар айының зейнетақысы желтоқсанда мерзімінен бұрын төленетіні туралы ақпарат – фейк
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:42
- 154
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылғы қаңтар айының зейнетақы төлемдері 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі кезеңде, өсімді ескере отырып, мерзімінен бұрын аударылатыны туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз. Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері алушыларға 2026 жылдың қаңтар айында аударылады.
Азаматтардан жеке деректердің таралып кетуін болдырмау үшін осыған ұқсас хабарламалармен бірге келетін күмәнді сілтемелерге өтпеуді сұраймыз.
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы таратылады.
Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 желтоқсан, 2025




