Ақтаудағы ұшақ апатының жай-жапсары туралы алғашқы деректер пайда болды
- авторjambylinfo.kz
- 5 ақпан, 2025
- 190

Құжатта бұл есептің «ешкімнің кінәсін немесе жауапкершілігін анықтауға арналмағаны» және «оқиғаның қылмыстық аспектілері бөлек қылмыстық іс аясында қаралатыны» туралы ескерту бар, - деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Апатқа ұшыраған Embraer E190 ұшағы 25 желтоқсан күні таңертең Баку – Грозный бағытындағы №8243 рейсін орындаған. Сол кезде Грозныйда дрондар шабуылы салдарынан әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері (ПВО) іске қосылған болатын. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұшақтың «жерден атқылау салдарынан» зақымданғанын айтып, Ресейдің апат себептерін «жасырып қалғысы келетінін» мәлімдеді.
Есепте Грозный әуежайының диспетчері мен экипаж мүшесі арасындағы радио сөйлесудің стенограммасы берілген. Экипаж мүшесі қонуға жақындағанда GPS жүйесінің істен шыққанын, ұшақтың құсқа соғылғанын, кабинаның артқы екі орындығы мен оттегі баллоны жарылғанын хабарлаған. Осыдан кейін элерондар мен биіктік рулін басқару жүйесі істен шыққан.
Қиындықтарға байланысты экипаж Баку мен Ақтау сияқты жақын қалалардағы ауа райы жағдайын сұрап, кері қайту туралы шешім қабылдаған. Есепте диспетчерлер арасындағы сөйлесулердің жазбасы да берілген. Онда Грозныйда «Кілем» (Ковер) жоспарын енгізу және Embraer ұшағының мәселелері талқыланған. Дегенмен, бұл жоспар туралы экипажға хабарланбаған.
Министрлік, сонымен қатар, ұшақтың жерге соғылуына дейін пайда болған және «сыртқы объектілердің» әсерінен болуы мүмкін зақымданулардың суреттерін жариялады. Есепте бұл объектілердің нақты қайдан шыққаны анық көрсетілмеген, олар жай ғана «бөгде металл объектілері» деп аталған.
OSINT-аналитик Кирилл Михайловтың айтуынша, суреттердегі объектілер зениттік зымыранның бөлшектеріне ұқсайды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз