жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алексей Цой алғашқылардың бірі болып QazVac вакцинасымен екпе алды

Алексей Цой алғашқылардың бірі болып QazVac вакцинасымен екпе алды
ашық дереккөзі
Алексей Цой алғашқылардың бірі болып QazVac вакцинасымен екпе алды
Бүгін халықты QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық QazVac вакцинасымен екпе алды. «Вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік мәселелер жөніндегі институтта 50 мың дозамен өндірілді. Институтымыз вакцинаны дербес өндіруге мүмкіндігі бар. Қазақстанда өндірілген дозалар барлық өңірлерге жіберілді. Мұнан ары өндірісті ұлғайта түсу үшін түрлі алаңдарды қарастырып жатырмыз. Бұл - түрік серіктестеріміздің алаңы. Сонымен Гвардейскийде өзіміздің зауытты салу үстіндеміз. Қазір ол мұнан ары іске қосу үшін құрал-жабдықтарын орнатудың барлық кезеңінен өтіп жатыр», - деді Алексей Цой тікелей эфирде QazCOVID-in вакцинасын алғаннан кейін «Хабар 24» телеарнасы тілшісіне берген сұхбатында. Сонымен қатар ол қазақстандық вакцинаны Түркияда құюға қатысты уағаластық пысықталып жатқанын баса айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар