дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Шырқа, даусым!» дәстүрлі әншілер байқауы көрерменсіз өтті

«Шырқа, даусым!» дәстүрлі әншілер байқауы көрерменсіз өтті
ашық дереккөзі
«Шырқа, даусым!» дәстүрлі әншілер байқауы көрерменсіз өтті

Таразда Кенен Әзірбаевтың шығармаларына арналған республикалық Х «Шырқа, даусым!» дәстүрлі әншілер байқауы өтті.  Санитарлық талаптарға сәйкес концерт көрерменсіз болды, онлайн көрсетілім ұйымдастырылды.

 width=

Екі жылда бір рет өтетін дәстүрлі әншілер мерекесіне биыл еліміздің әр қиырынан отызға жуық үміткер қатысып, бақ сынады.

Кенен Әзірбаевтың «Тік шырқау», «Шырқа, даусым!», «Көкшолақ» секілді көптеген ғажап әндерін шырқаған қатысушылардың ешқайсысы да осал емес. Бәрі де ұлттық өнердің көшін өрге сүйреп жүрген жастар. Олардың өнерін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Саят Медеуов, дәстүрлі әнші Бейбіт Мұсаев бағалады.

«Биыл бұл дәстүрлі ән байқауы оныншы рет өткізілсе, мен үшінші мәрте төраға ретінде қатысып отырмын. Байқауға жастардың көп қатысқаны көңілге медеу болды. Бұл дегеніміз Кенен мұрасы мәңгі өлмейтіндігінің дәлелі»,- дейді әділқазылар алқасының төрағасы Алтынбек Қоразбаев.

Бірқатар қатысушылар Алғыс хаттарға ие болып, біразы дипломант атанды. «Көрермен көзайымы», «Күміс көмей», «Жас Үміт», «Жас дарын», «Көне Тараз» секілді аталымдармен, сондай-ақ облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның арнайы жүлдесін алғандар да болды.

Үшінші орын талдықорғандық Нұрдана Сәлімхан, түркістандық Елбол Қуанбекке бұйырса, екінші орынды Алматы облысының әншісі Жігер Омархан мен балқаштық Нұрболат Ұзақбай иеленді. Шу ауданынан қатысқан Ербосын Қасымбек жүлделі бірінші орынға лайық деп танылды.

Іс-шара соңында облыс әкімінің арнайы жүлдесі мен бас жүлде табысталды. Оларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тапсырды. Арнайы жүлде шымкенттік Ұлсая Бектасқа бұйырса, алматылық Уатхан Шаттық бас жүлдені қанжығалады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар