жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысы Түрген өзенінде сел жүру қаупі бар

Алматы облысы Түрген өзенінде сел жүру қаупі бар
Сурет ашық дерекөзден алынды
Алматы облысындағы Түрген өзенінде сел жүруі мүмкін екенін Төтенше жағдайлар министрлігі ескертті, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

30 мыңнан астам адам тұратын Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елді мекендері қауіпті аймақта Алматы облысының құтқарушылары Түрген өзенінің мореналық көлдерінде судың тасуы мен сел қаупін жою үшін су деңгейін қалыпқа келтіру бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.Алматы облысындағы Түрген өзені бассейнінде күрделі сел жағдайы байқалғаны да хабарланған. Осыған байланысты Түрген өзені алабындағы мұздық пен көлдердің сел және гидрометеорологиялық жағдайына мониторинг ұйымдастырылған.  «Жақында ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің үйлестіруімен ТЖМ Қазавиақұтқарудың екі тікұшағымен мұздақ көлдің маңында жабдықтарды тасымалдап түсіру жұмыстары жүзеге асырылды. Жұмыстарды "Қазселденқорғау" ММ басшылығы мен авариялық бригадасы жүргізді», - делінген хабарламада. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге, көлік иелеріне, жергілікті тұрғындар мен атқарушы билікке хабарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мүмкін шаралар қабылданып отыр. Жүргізіліп жатқан жедел жұмыстар адамдардың өміріне қауіп төндіретін және объектілердің қирауына әкелетін сел қаупінің алдын алуға бағытталған.

Ауа райына байланысты көлдерде жұмыс  жүргізілуде. Тұрғындарды дер кезінде хабардар ету үшін «Казселезащита» бекеттері тәулік бойы жұмысын жалғастырып жатыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар