Елорданың құрметіне қойылған ерекше есім иелерін Қазақстанның барлық қалаларынан кездестіруге болады. Мәселен, Астана қаласының перзентханасында дүниеге келген тұңғыштарына тараздық жұп «Гүластана» деп есім берген. Себебі өмірге бала алып келу қиындығына душар болған жас ана, астаналық дәрігерлердің атсалысуымен аман қалған. Сөйтіп Астана қаласының әрі астаналық дәрігерлердің құрметіне дүниеге келген қызына Гүластана деген есім берген. Гүластана қазір 15 жаста.
Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар. Олар - Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Алматы облысы Түрген өзенінде сел жүру қаупі бар
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024