дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық әйелді алдаған шымкенттік жігіт 2 миллион алып, тайып тұрған

Тараздық әйелді алдаған шымкенттік жігіт 2 миллион алып, тайып тұрған
Сурет ашық дерекөзден алынды
Тараз қаласында тұратын 53 жастағы әйелді Шымкенттік жігіт өзіне ғашық етіп, 2 миллион алып, тайып тұрған, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Jambylinfo.kz. сайтына арнайы іздеп келген әйел өзін арбап-алдаған ер азамат жайлы бар шындықты жайып салды.

 – Ең алдымен сенімге кіріп, жаны қалмай бәйек болды. Әйелдердің құлағымен жақсы көретінін біліп алғаны сонша, мақтап-мадақтап жүріп, қалай кредит алдырғанын, алтындарымды ломбардқа қалай өткізгенімді білмей де қалдым. Бүгінде 2 миллионнан аса қаражат алып үлгерді. Енді міне қоңырау соқсам жауап бермейді. Қыздарға айтарым, алаяқтардан сақ болыңдар. Алданып қалмаңдар дегім келеді. Әйелдерге сан соқтырып жүрген ер адамға біз де қоңырау шалдық. Мән-жайды түсіндіріп, қарыз алған ақшасын қайтаруын, әйтпесе үстінен іс қозғалатынын айттық. «Арыз жазсаңдар жаза беріңдер. Менің де адамдарым бар. Мен де сендердің үстілеріңнен арыз жазамын» деген жауап алдық.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар