Алматы облысында 422 сынып карантинге жабылды
Алматы облысында 675 оқушыдан коронавирус анықталды.
«2021 жылдың 1-20 қыркүйек аралығында Алматы облысы бойынша оқушылар арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың 675 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 215 жағдай жазғы демалыс кезінде, 444 жағдай офлайн оқыту кезінде және 16 жағдай онлайн оқытуда анықталған. Облыстың 190 мектебінің 422-сыныптарына карантин енгізу туралы 366 қаулы шығарылды және 6281 оқушы қашықтықтан оқыту нысанына ауыстырылды», делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, мұғалімдер арасында 103 мұғалім індетжұқтырған.
«2021 жылдың 1-20 қыркүйек аралығында облыс бойынша КВИ-мен ауырған мұғалімдердің 103 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 32 педагог жазғы демалыс кезінде ауырып қалған. Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары педагогтер, оқушылар, студенттер және техникалық персонал арасында сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингін жүргізеді», деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала