сенбі, 27 сәуір, 2024 20:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбылдағы жарылыстан көз жұмған өрт сөндірушілердің туыстарына наградалар табыс етілді

Жамбылдағы жарылыстан көз жұмған өрт сөндірушілердің туыстарына наградалар табыс етілді
ашық дереккөзі
Жамбылдағы жарылыстан көз жұмған өрт сөндірушілердің туыстарына наградалар табыс етілді
Жамбыл облысында қайтыс болған өрт сөндірушілердің отбасыларына мемлекеттік наградалар табыс етілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында әскери қоймадағы өртті сөндіру барысында қайтыс болған құтқарушылар мен әскери қызметшілерді марапаттады. Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және қала әкімі Мұрат Әйтенов Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлының ағасына ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыс етті. Шара түске дейін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде өтті. Түстен кейін Юрий Ильин Жамбыл облысының Тараз қаласына барды. Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қайтыс болған өрт сөндірушілерінің туыстарына мемлекеттік наградаларды табыстады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар