дүйсенбі, 25 қараша, 2024 2:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шу аудандық ветеринарлық стансасының директоры мен бас бухгалтері сотталды

Шу аудандық ветеринарлық стансасының директоры мен бас бухгалтері сотталды
ашық дереккөзі
Шу аудандық ветеринарлық стансасының директоры мен бас бухгалтері сотталды
Мердігер компаниялардың шотына іс жүзінде жеткізілмеген тауардың ақысын аударып, сыбайласына заңсыз сыйақы тағайындаған Шу аудандық ветеринарлық стансаның директоры 8 жылға сотталды. Бұл тураы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаров Antikor ақпарат алаңында айтты. «14 қыркүйекте «Шу ауданының ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығндағы кмоомуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры Д. Тілемісов 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Осы мекеменің бухгалтері С. Аукешева 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деді Данияр Бегайдаров. Агенттік тергеушісінің айтуынша, директор мен бухгалтер заңсыз әрекеттері арқылы мемлекетке 92,9 млн теңге зиян келтірген. «Олар іс жүзінде жеткізілмеген тауар-материалдық құндылықтар үшін үлестес компаниялардың шоттарына негізсіз өтем аудару жолымен, сондай-ақ өздеріне көтеріңкі жалақы, сыйлықақылар мен іссапар шығыстарын негізсіз аудару жолымен 62 954 936 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінді», - деді агенттік өкілі.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар