Жаңалықтар
Алматы – Ташкент бағытында Тальго пойызы қатынайтын болады
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қараша, 2025
- 190
Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
14 желтоқсаннан бастап «Алматы — Ташкент» халықаралық бағыты бойынша Тальго пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауысады.
Осылайша тәулігіне 400-ден астам жолаушыны тұрақты түрде тасымалдауға мүмкіндік береді.
"Күнделікті қатынас пойыз қозғалысының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сапарларды жоспарлауды ыңғайлы етеді. Күн сайынғы қатынастың енгізілуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтуға, туристік ағынды арттыруға, сондай-ақ, екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді", – делінген хабарламада.
Келесі мақала





