жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
gov.kz
Президентінің бұрынғы кеңесшісі – халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды.

Ол енді Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарады. Бұл ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова 1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын ол 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінде ғылыми қызметкер ретінде бастаған.

2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму, сондай-ақ Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменттерінде директордың орынбасары қызметін атқарды.

Одан кейін, 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың наурызына дейін Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Кейін 2022 жылдың наурыз айында ол Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымын иеленді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар