Алматыдан 456 шақырым қашықтықта жер сілкінді
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 28 желтоқсан күні 13 сағат 14 минутта жерасты дүмпуін тіркеді
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 456 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы – 3.9. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз