Жаңалықтар
Францияда коронавирусты жұқтырғандар саны күрт артты
- авторjambylinfo.kz
- 29 желтоқсан, 2021
- 147
Францияда коронавирусты жұқтырғандар саны күрт артты
Елде індет қайта өршіді. Соңғы бір тәулікте 180 мың адам коронавирусты жұқтырып, індет басталғалы ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш орнады, деп хабарлайды Хабар 24. Індеттің тез таралуына омикрон штамы түрткі болған. Билік вирустың өршуін тежеу үшін шектеулерді қатаңдатуды шешті. Қаңтардың 3-інен бастап компаниялар қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшіру керек. Ал көшелерде бетперде тағып жүру міндеттеледі. Бұдан бөлек қаңтардың 15-інен бастап қоғамдық орындарда ковид төлқұжаттар талап етіледі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала