Жаңалықтар
Алты қазақстандық үстел теннисінен әлем чемпионатына қатысады
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 ақпан, 2025
- 166

Жекелей сынға 128 теннисші қатысса, жұптық турнирлерде 64 жұп сынға түседі.
17-25 мамыр аралығында Катарда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Спортшылар жекелей сында, ерлер мен әйелдер арасындағы жұптық сайыста, сондай-ақ аралас жұптар санатында медальдар үшін таласады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бастапқыда Қазақстан атынан үш спортшы қатысуы керек еді. Енді олардың қатарына тағы алты спортшы қосылды.
Медаль үшін күресетін қазақстандықтар: Кирилл Герасименко (жекелей сын), Айдос Кенжеғұлов / Санжар Жұбанов (жұптық сайыс), Сарвиноз Миркадирова / Зәуреш Ақашева (жұптық сайыс), Владислав Захаров / Бақдәулет Әкімәлі (жұптық сайыс), Искадер Харки / Ангелина Романовская (аралас жұп).
Келесі мақала