
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді
Егер қаржылық қиындықтарға тап болсаңыз, несие төлемін уақытша кейінге қалдыруға болады, бірақ бұл қарыздан толық босату дегенді білдірмейді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кейін банк төлем мерзімін ұзартып немесе ай сайынғы төлем мөлшерін арттыруы мүмкін.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, ауыр сырқаттанған, жұмысынан айырылған немесе жалақысы қысқарған азаматтар несие төлемін уақытша тоқтата алады. Сондай-ақ төтенше жағдайға тап болғандар да бұл жеңілдікті пайдалана алады. Ол үшін қаржы ұйымына өтініш беру қажет.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз