сейсенбі, 25 наурыз, 2025 17:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Америкалық журналистер Қазақстан туралы кітап жазды

Америкалық журналистер Қазақстан туралы кітап жазды
«Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ
Бұл туралы «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді

Америкалық travel-журналистер Қазақстанның бірегей мәдениеті мен табиғатын бейнелейтін «Almaty Through American Eyes» атты жинақты жарыққа шығарды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл кітап жеті ата дәстүрі, ежелгі рәсімдер, киіз үй этикеті, шахмат мәдениеті және құстарды аң аулауға үйрету өнері сияқты еліміздің бес ерекше мәдени қырын көрсетеді.

2023 жылы Американың саяхат жайлы жазушылар қоғамының (SATW) мүшелері – танымал журналистер мен фотографтар үшін Алматы қаласы мен оның маңында арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды. Олар тарихи және туристік орындарды аралап, жергілікті гастрономиямен танысып, алған әсерлерін осы жинақта баяндауды жөн көрді.

Кітаптың авторлары Қазақстанның табиғаты, дәстүрі, мәдениеті туралы кеңінен әңгімелейді. Жинақта ұлттық тағамдардан бастап, музыкалық аспаптар мен зергерлік бұйымдарға дейін қамтылған.

Кітап авторларының бірі Дэвид Ланг өз әсерімен бөлісті:
"Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті бай, бейбіт ел екенін көру – үлкен қуаныш! Мен бұл ел туралы алғаш рет мектепте «Дүниежүзі тарихы» курсында білдім. Жоғары сыныпта оқып жүргенде Қазақстанға сапар шегемін деп ешқашан ойламаған едім. Кітаптағы мақалалар мен фотосуреттер – осы елге деген жылы естеліктеріміздің көрінісі."

Америкалық саяхатшылар Қазақстанның гастрономиясына ерекше қызығушылық танытып, жергілікті тағамдардың алуан түрлілігі мен халықтың қонақжайлығын жоғары бағалады. Олардың сапарындағы ең жарқын сәттерге Шарын шатқалы, Қайыңды көлі және Көктөбедегі The Beatles мүсіні кіреді.

Айта кетерлігі, 2019 жылдан бері Kazakh Tourism Американың саяхат жайлы жазушылар қоғамымен (SATW) тығыз ынтымақтастық орнатып келеді.

Бұл жоба шетелдік оқырмандарға Қазақстанға америкалықтардың көзімен қарауға мүмкіндік береді және еліміздің мәдени мұрасын кеңінен таныстыруға жол ашады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар