сенбі, 22 наурыз, 2025 0:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бірегей операция: дәрігерлер ананың да, баланың да өмірін сақтап қалды

Бірегей операция: дәрігерлер ананың да, баланың да өмірін сақтап қалды
Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының мамандары жоғары қауіп деңгейіндегі күрделі хирургиялық операцияны сәтті аяқтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

38 апта 3 күндік жүктілік кезеңіндегі пациентке, оның ауыр жағдайына қарамастан, кесарь тілігі жасалды.

Науқас бұған дейін үш рет кесарь тілігі арқылы босанған, сонымен қатар оған жедел лейкоз, ауыр дәрежедегі анемия, қайталама тромбоцитопения және бастапқы иммундық тапшылық диагноздары қойылған. Бұл жағдай хирургиялық араласуды барынша қиындатып, ерекше кәсібилікті талап етті.

Операция жалпы анестезиямен, АРжҚТБ бөлімшесінің меңгерушісі Ерболат Қонысбекұлы Әбдікереевтің жетекшілігімен өтті. Хирургиялық бригада құрамында босандыру блогының меңгерушісі Камиль Закеевич Самитов пен акушер-гинеколог Раушан Ғалымжанқызы Даутова болды. Жауапты неонатолог қызметін балалар реанимациясы бөлімшесінің меңгерушісі Мақсат Жандосұлы Тастеміров атқарды.

Қан кету қаупінің жоғары болуын ескере отырып, операция кезінде Cell Saver Elite автотрансфузиялық жүйесі қолданылды. Перфузиялық қолдауды анестезиолог-реаниматолог Евгений Анатольевич Воронин қамтамасыз етті.

Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында операция асқынусыз өтті. 3010 грамм салмақтағы, 49 см бойындағы сау сәби дүниеге келді. Ана мен баланың жағдайы тұрақты, екеуі де өздерін жақсы сезінеді.

Бұл оқиға дәрігерлердің кәсібилігі мен заманауи медицинаның мүмкіндіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар