
Бұл жағдайға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Zakon.kzке сілтеме жасап.
Басқарма жүргізген эпидемиологиялық тергеуде барлық донорлардың қанында АИТВ болмағаны анықталған.
«Босанған әйел ЖИТС орталығында есепке алынды. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Бүгінгі күні баланы АИТВ-ға тексеру теріс нәтиже берді. Инфекцияның болуы немесе болмауы 1,5 жасқа толғанда анықталады. Қазір зерделеу жұмыстары, донорларды қайта тексеру жүргізілуде. Зерделеу жұмыстарының қорытындысымен Басқарма тарапынан ақпарат қосымша жолданады», - деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабының 5-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз