Қонаев қаласында ірі балық өнеркәсібі кешені іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 4 ақпан, 2025
- 171

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өндіріс орны 35 гектар аумақта орналасқан. Оның құрылысы 2021 жылы басталып, 2023 жылдың қазанында алғашқы 25 000 форель мен баррамунди шабағы сынақ ретінде суға жіберілді. 2024 жылы кешеннің бірінші кезеңі толық аяқталды.
Кешен құрамына технологиялық, әкімшілік-тұрмыстық және инженерлік-техникалық бөлімдер кіреді. Мұнда әкелінген балықты орналастыруға арналған бассейндер, сүзгілеу жүйелері, инкубациялық резервуарлар, сондай-ақ тірі жем өндірісіне арналған цехтар (артемия мен коловраттар өсіру үшін) қарастырылған.
Кәсіпорын жылына 10 000 тоннаға дейін балық өсіруді жоспарлап отыр. Өнімнің негізгі нарығы – Қазақстан мен ТМД елдері болмақ.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз