Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: қазақтың ұлы ойшылының мерейтойына арналған кездесу өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 ақпан, 2025
- 186

Бүгін Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы: Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиынға М.Х.Дулати университеті «Журналистика және филология» кафедрасының аға оқытушысы Бақытжан Мақашов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ қатысып, Абай шығармашылығының терең философиясы мен көркемдік ерекшеліктері туралы баяндамалар жасады.
Іс-шара барысында колледждің «Тараз-ғасыр» фольклорлық ансамблі Абай Құнанбайұлының «Торы жорға» күйін орындады.
Сонымен қатар «Актер және хореография» мамандығының студенттері «Мен ішпеген у барма» атты көрініс қойып, қазақ әдебиетінің философиялық астарын жеткізіп, көрерменге рухани әсер сыйлап, ұлы ақынның шығармашылығын дәріптеді.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда аналар кеңесі ұлттық тәрбие мәселесін талқылады
- авторМағжан Орынбасар
- 14 ақпан, 2025