
Бұл туралы Қазақстанның Франциядағы елшілігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол Олимпиада чемпиондығына жету үшін еңбек, табандылық пен отбасы қолдауының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан халқына үлкен ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында балалар мен ересектер спортшыға қызығушылықпен сұрақтар қойып, Елдос Сметовтың жетістіктеріне жоғары бағасын берді. Іс-шара соңында спортшы естелік фотосуреттер жасап, қатысушыларға қолтаңбасын қалдырды. Бұл кездесу спортқа деген сүйіспеншілікті арттырып, қатысушыларға жарқын әсер сыйлады.
Сондай-ақ, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті кеңесшісі, "Jenys" дзюдо клубының негізін қалаушы Алмаз Альсенов пен клубтың бас директоры Тимур Турсумбаев та іс-шараға қатысып, спорт пен мәдениет арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосты.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз