Қазақстан теміржолы арқылы Орталық Азияға астық экспорты 36 пайызға артты
- авторjambylinfo.kz
- 4 ақпан, 2025
- 140

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Экспорттық тасымалдар 53 пайызға өсіп, 4,8 миллион тоннаға жетсе, ішкі тасымалдар 28 пайызға артып, 1,3 миллион тоннаға ұлғайды.
Орталық Азия елдеріне экспорт 36 пайызға өсті, яғни 2,7 миллион тонна астық тасымалданды. Иранға Ақтау мен Құрық порттары арқылы жеткізілім 29 есе өсіп, 576 мың тоннаға жетті. Ресейге экспорт пен транзит 94 пайызға көбейіп, 660 мың тонна болды.
2025 жылғы қаңтарда Қазақстан теміржол көлігімен 1,1 миллион тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 35 пайызға артық. Экспорт 36 пайызға өсіп, 839 мың тоннаға жетсе, ішкі тасымалдар 33 пайызға артып, 217 мың тоннаға жетті.
Өзбекстанға астық экспорты 23 пайызға , Тәжікстанға 18 пайызға , Түрікменстанға 3 есе, Қырғызстанға 4 есе өсті. Иранға Ақтау мен Құрық порттары арқылы тасымал 23 есе артты, 121 мың тоннаға жетті. Ресей мен Балтық жағалауы елдеріне транзиттік тасымал өткен жылғы деңгейде 100 мың тонна болып қалды.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз