Таразда жол ережесін өрескел бұзған әйел жауапқа тартылды
- авторМағжан Орынбасар
- 4 ақпан, 2025
- 130

Таразда жол ережесін өрескел бұзған әйелге үш әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық ПД дерегінше, Таразда аумақты патрульдеу кезінде таңғы сағат 6:00-де патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін BMW маркалы машинаны тоқтатқан.
Облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті тізгіндеп, маневр жасау ережелерін бұзған.
- Құжаттарды тексеру барысында оның міндетті сақтандыру шартын жасаспағаны анықталды. Мемлекеттік тіркеу нөмірінің жоқтығы, сақтандыру полисінің жоқтығы және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін полицейлер үш әкімшілік хаттама толтырды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Жамбыл облысының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды еске салады,- делінген хабарламада.