сенбі, 15 наурыз, 2025 10:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Анаға тағзым" орталығында Оразкүл Асанғазының жаңа кітабының тұсаукесері өтті

"Анаға тағзым" орталығында Оразкүл Асанғазының жаңа кітабының тұсаукесері өтті
Facebook
Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» орталығында қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазының «Отбасы берекесі» кітабының тұсаукесері өтті.

Кеш Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер Бақыт Шағырбаевтың орындауындағы «Қазақ қызы» әнімен түріліп, ақын-журналист Есет Досалының арнау жырымен жалғасты. Сондай-ақ, күйші Дидар Басығараев Төлеген Момбековтың «Салтанат» күйін орындап, шараның көркін аша түсті.

Кештің негізгі бөлігінде Оразкүл Асанғазы отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиенің маңызы туралы ойларын ортаға салып, жаңа кітабының мазмұнымен бөлісті. Сұхбатты «Сырғалым» сырласу клубының жетекшісі Балауса Бейсенқызы жүргізді. Ал кітаптың тұсаукесер рәсімін педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жанат Сарыбекова мен еңбек ардагері Оңласын Есіркепов орындады.

"Отбасы берекесі" кітабы - қазақ отбасының ұлттық ерекшеліктерін, тәрбие дәстүрлерін және ұрпақ сабақтастығын тереңінен қамтитын маңызды еңбек. Автор бұл еңбегінде отбасы құндылықтарының сақталуы мен беріктігін қамтамасыз етудің жолдарын ұсынып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту жөніндегі өмірлік тәжірибесімен бөліскен.

Іс-шара барысында зиялы қауым мен қазақ өнері және мәдениетінің көрнекті өкілдері сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтар туралы ойларын ортаға салды. Кешке қатысушылар авторға толғамды сұрақтарын қойып, орамды жауаптарын алды.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар