сәрсенбі, 14 мамыр, 2025 2:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаратауда қазақ күресінен «Қолбасшы Қойгелді» атындағы ІІІ республикалық турнир өтті

Қаратауда қазақ күресінен «Қолбасшы Қойгелді» атындағы ІІІ республикалық турнир өтті
ашық дереккөз
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында қазақ күресінен 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында «Қолбасшы Қойгелді» атындағы ІІІ республикалық турнир

Турнирдің ашылуында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов сөз алып, турнирдің сәтті өтуіне тілектестік білдірді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Дүбірлі додаға еліміздің 11 өңірінен 393 спортшы қатысты.  Турнирдің мақсаты – жастар арасында ұлттық спортты дамыту және жас балуандардың шеберлігін шыңдау.

Бұл Қазақстан жастарының ұлттық спортқа деген қызығушылығы мен құрметінің айқын көрінісі. Турнир аясында жастардың тек спорттық бәсекеге ғана емес, ел рухын асқақтатып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңғызды іс-шара екендігін көрсетті. 

Айта кесек, бұл турнир 2022 жылы облыстық деңгейде басталып, 2023 жылдан бері республикалық мәртебеге ие болды. 
Турнир 3 күнге созылып, жеңімпадар арнайы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар