Қытайлық алпауыт компания Қазақстан мұнайына инвестиция салмақ
- авторАрайлы Жақсылық
- 30 сәуір, 2025
- 160

Аталған құжаттар стратегиялық серіктестікті және Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі транзиттік аймақта орналасқан жаңа «Жылыой» жер қойнауын пайдалану жобасын бірлесіп жүзеге асыру шарттарын бекітеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазМұнайГазға сілтеме жасап.
Айта кету керек, CNOOC компаниясы Қазақстанға алғаш рет инвестиция салып отыр және бұл қадамды геологиялық барлау жобасынан бастады.
Серіктестік «Жылыой» жобасын 50/50 паритеттік негізде бірлесіп жүзеге асыруды көздейді. Бұл ретте барлау кезеңіндегі қаржыландыруды CNOOC қамтамасыз етеді.
Жоспарланған геологиялық барлау жұмыстарының ең төменгі жұмыс бағдарламасы:
➤ 3D сейсмикалық барлау (400 шаршы шақырым аумақтағы далалық жұмыстар, деректерді өңдеу және интерпретациялау);
➤ тарихи 2D деректерді (400 шақырым) қайта өңдеу;
➤ 2000 метр тереңдікте тұзүсті барлау ұңғымасын бұрғылау (тәуелсіз кезең);
➤ алынған 3D сейсмикалық деректерге байланысты 4500 метр тереңдікте тұзасты барлау ұңғымасын бұрғылауды (тәуелді кезең) қамтиды.
Айта кету керек, CNOOC (China National Offshore Oil Corporation) – мұнай-газ саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания барлау және өндіру саласына маманданған. CNOOC әлемнің 20-дан астам елінде ірі жобаларды жүзеге асырып, халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастық жүргізіп келеді.