Жамбылда екі ірі жел электр станциясы салынады: инвестиция көлемі – 1,4 млрд теңге
- авторБақытжан Бекболат
- 30 сәуір, 2025
- 866
Құжатты Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов таныстырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Келісімге сәйкес, Жамбыл облысының Сарысу және Талас аудандарында қуаты 500 МВт болатын екі жел электр станциясы салынады. Жалпы инвестиция көлемі – 1,4 миллиард теңге.
Бірінші жоба аясында жел паркімен қатар, қуаты 150 МВт және сыйымдылығы 300 МВт/сағ болатын аккумуляторлық энергия сақтау жүйесі (BESS) орнатылады. Сонымен бірге ұзындығы 125 шақырымға жететін, кернеуі 220 кВ болатын электр желісі тартылады.
Екінші жобада да осындай қуаттағы жел паркі мен энергия сақтау жүйесі көзделген. Жобалар іске асқанда, өңірдегі ауаға таралатын көмірқышқыл газының көлемі жылына 2 миллион тоннаға азаяды.
Алайда Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай электр қуаты тарифінің доллармен бекітілуіне күмән келтірді. Министр Ерлан Ақкенженов бұл мәліметті растады, бірақ доллармен есептелетін тарифтің тұтынушылар үшін айырмашылығы 1–2 теңгеден аспайтынын, әрі валюта бағамының ауытқуына тәуелді болмайтынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл мен Жетісуда қант қызылшасын өңдеу қарқын алды
- авторБақытжан Бекболат
- 31 қазан, 2025
Қарашадан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қазан, 2025






