Арулардың назарына: Астана полициясы сақ болуға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 11 ақпан, 2025
- 741

Астананың полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы сусынға есірткі заттарының қосылғанын қалай анықтауға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өткен жылы елордада 8000-нан астам есірткі қылмысы анықталған, соның ішінде қаскүнемдердің адамдардың, әсіресе қыздардың, сусындарына есірткі қосу фактілері де тіркелген.
Осындай жағдайдың құрбаны болмас үшін полиция арнайы тест-жолақтарын пайдалануға кеңес береді.
"Мұндай жолақтар дәріханаларда қолжетімді, олар шағын әрі көп орын алмайды. Ең бастысы – бір минуттың ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі. Бұл қылмыстың алдын алудың және өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етудің қарапайым әрі тиімді тәсілі", – делінген хабарламада.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
«Шұғыл»: ҚазАвтоЖол қазақстандықтарға ескерту жасады
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Қазақстан Барысы» іріктеу турнирі өз мәресіне жетті
- авторjambylinfo.kz
- 20 наурыз, 2025
Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 наурыз, 2025