«Шұғыл»: ҚазАвтоЖол қазақстандықтарға ескерту жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 11 ақпан, 2025
- 363

Бүгін ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар жабылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«ҚазАвтоЖол «ҰК»АҚ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар а/ж 2 учаскесінде 19:00 бастап жол жабылады:
ШҚО:
"Алматы - Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы" автожолының 1013 - 1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс)
Абай облысы:
Алматы–Талдықорған–Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым учаскесінде (Қалбатау ауылы-ШҚО шекарасына дейін).
"Алматы - Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы" автожолының 1013 - 1048 (Абай облысының шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс)
Сонымен қатар ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді
- Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар,- делінген ведмство хабарламасында.