....

....

сәрсенбі, 28 ақпан, 2024 5:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қаржы министрлігі мемлекетке сыйға тартылған Bentley-ді 40 млн теңгеге сатты

Қаржы министрлігі мемлекетке сыйға тартылған Bentley-ді 40 млн теңгеге сатты
ашық дереккөзі
Қаржы министрлігі мемлекетке сыйға тартылған Bentley-ді 40 млн теңгеге сатты
Қазақстанның қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мемлекетке анонимді донор берген, 83,9 млн теңгеге бағаланған, 2017 жылғы Ventley Bentayga-ның сатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Үкіметтегі брифинг барысында вице-министрден қаржы министрлігі қымбат сыйлықты қайда жібергенін сұраған.
– Шілде айында сыйға тарту шарты мемлекетпен жасалды және 40 млн теңгеге сатылды. Қымбат автокөлік қандай да бір мемлекеттік органға берілмеді, ол аукцион арқылы сатылды, ақша бюджетке кетті. Бұл өте дұрыс болды деп ойлаймын, - деп жауап берді Біржанов.
Бұл ретте қаржы вице-министрі қымбат автокөлікті 40 млн теңгеге сатып алған адамды атамады. Бұған дейін protenge телеграм-арнасы Қазақстанға 83,9 млн теңгеге бағаланған, 2017 жылғы Bentley Bentayga автокөлігі сыйға тартылғанын хабарлаған болатын.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар