Ербол Қарашөкеев: Журналистер көтерген мәселені назарға алу керек
- авторjambylinfo.kz
- 9 қаңтар, 2024
- 438
«Бізге кез-келген мәселені шешу үшін, алдымен оны анықтап алу – маңызды. Осы орайда Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің атқарар қызметі зор. Журналистер түрлі мәселелерді көтеріп жүр. Біз сол мәселелерге көңіл бөлу керекпіз. Мәселен, облыстық «Aq jol» газетінде 6 қаңтар күні жарық көрген журналист Есет Досалы бауырымыздың «Барымызды бағалап жүрміз бе?» мақаласында өңірдің спорт саласына қатысты өзекті ойлар айтылған. Сол секілді, облыстық «Знамя труда» газетінде журналист Юрий Ефимовтің «Осторожнее с предоплатой» атты мақаласында да «Теміржолсу-Шу» кәсіпорнына қатысты маңызды мәселелер айтылған. Шу аудандық «Шу өңірі» газетінде өткен жылғы желтоқсан айында «Балалардың бұзақылыққа баруына ата-аналар да жауапты» атты жақсы материал жазылған. Бұл тақырып бүгінгі күні өзекті болып отыр.» - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы аудандық газеттерде сын мақалалар өте сирек жазылатының да тілге тиек етті.«Бұл дұрыс емес. «Ауруын жасырған – өледі» дейді. Журналистер мәселе көтеру керек. Бірақ шынайы, жан-жақты болуы тиіс.»- деді Ербол Қарашөкеев.
Сөз соңында өңір басшысы басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне газет оқып, тілшілер көтерген мәселелерді назарға алып, шешу жолдарын қарастыруы қажеттігін баса айтты.jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Тоқаев Алатау қаласын құру туралы жарлыққа қол қойды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- 15 қаңтар, 2025