дүйсенбі, 24 наурыз, 2025 1:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Асхат Аймағамбетов: «Алты жыл бұрын бұған ешкім сенбеген»

Асхат Аймағамбетов: «Алты жыл бұрын бұған ешкім сенбеген»
Фото: Parlam.kz
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов "Президенттің саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі" тақырыбында өткен мәжіліс отырысында білім саласындағы реформалар туралы пікір білдірді

Оның айтуынша, бұрын мұғалімдердің орташа жалақысы 109 мың теңге болса, бүгінде ол екі еседен астам өскен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аймағамбетов алты жыл бұрын мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі, бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылады, Ұлттық қордан қаражат барлық балалардың шотына аударылады, қарапайым жұмысшылар Ақордада мемлекеттік наградалар алады десе, көпшілік бұған сенбес еді. Тіпті кейбіреулер бұл – орындалмайтын арман деп санар еді.

-Алайда уақыт өте бәрі өзгерді. Қазір мұндай бастамаларға ешкім таңғалмайды, керісінше, оларды қалыпты нәрсе ретінде қабылдап, тіпті уақытылы жүзеге аспаса, мәселе ретінде көтереді. Бірақ осы өзгерістердің оңай келмегенін, талай кедергілер мен қарсылықтарды еңсеру қажет болғанын ұмытпауымыз керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін нақты бағыт ұстанып, ауқымды реформаларды қолға алды, – дейді Аймағамбетов.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар