сәрсенбі, 30 сәуір, 2025 5:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанаға Джениффер Лопес келеді: Бюджетке 400 миллион салық түседі деп күтілуде

Астанаға Джениффер Лопес келеді: Бюджетке 400 миллион салық түседі деп күтілуде
«This Is Me… Now» бейнебаянынан кадр
2025 жылғы 1 тамызда Астанада өтетін Дженнифер Лопестің коммерциялық концертінде 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде.

Бұл туралы «Астана концерт» продюсері Мәлік Хасенов Үкімет отырысында туристік саланы цифрландыру мәселесіне арналған жиында мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«2025 жылғы 1 тамызда Астана Арена стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Іс-шара толығымен коммерциялық негізде ұйымдастырылады. Бұл концерт Астананы А санатындағы жұлдыздардың электронды картасына шығаратын маңызды оқиға болмақ. Біз 15 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтіп отырмыз», – деді Хасенов.

Оның айтуынша, концерттің қала экономикасына жалпы үлесі 6,5 млрд теңгені HoReCa (қонақүй, мейрамхана, тамақтандыру) секторы арқылы құрап, 400 млн теңгеден астам салық түсімін қамтамасыз етеді.

«А санатындағы алғашқы концертті өткізгеннен кейін Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, оқиғалық туризмді дамытуға арналған стратегиялық жоспар әзірленеді. Жоспарға сәйкес, үш жыл ішінде А санатындағы 10 концерт өткізу көзделуде. Негізгі мақсат – Астананы Орталық Азиядағы оқиғалық туризмнің орталығына айналдыру», – деп толықтырды Хасенов.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар